Өскеменде көшеде ер адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Ол шамамен 45 жаста екені анықталды

Фото: istockphoto.com

Өскеменде орталық көшелердің бірінде ер адамның мәйіті табылды. Марқұмды Серікбаев көшесіндегі әкімшілік ғимараттардың бірінің жанынан өтіп бара жатқандар көрген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ер адам шамамен 45 жаста, денесінде ешқандай жарақат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып, сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жуырда әйел адамның мәйітін Екібастұз қаласының тұрғындары құдықтан тауып алған болатын.