Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады.
Солтүстік-батыс циклон ойпатымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа-райының тұрақсыздығын тудырады. Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана антициклон сілемі негізінен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде 3-15 аязға дейін, күндіз 6 аяз -5 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады , елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер күтілмейді.