25.12.2024, 00:30
Жаңалықтар
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: polisia.kz
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің «Киберпол» тобымен бірлесіп, заңсыз sim-box құрылғысын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралар барысында көршілес елдің азаматы ұсталды. Оның айтуынша, ол Тelegram арқылы жұмыс тауып, Алматыға осы жабдықты ала келген.
Айта кетейік, күдіктінің осыған ұқсас жағдай бойынша Атырауда жүргізіліп жатқан іске қатысы бары анықталды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін прокуратураның келісімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген