Ол WhatsAPP желісінде анасымен түскен суретін жариялады
«Жайдарманның» бұрынғы жетекшісі Есен Елеукеннің анасы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есен Елеукен WhatsAPP желісінде анасымен түскен суретін жариялап «Қош бол, Анашым!» деп жазды.
Айта кетейік, биыл 21 қазан күні Қазақстандағы көңілді тапқырлар клубынан басталған «Жайдарман» жобасының басшысы ауысты.
Есен Елеукен республикалық телеарналардың біріне бас продюсер болып қызмет ауыстырған. Ал «Жайдарманның» жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалған болатын.