Оның жағдайы тұрақты
Жетісу облысында 44 жастағы жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, кеше Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетінде 1980 жылы туылған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
«Іздестіру тобы жоғалған адамды Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады, жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.