Ұшу кезінде аймақта жаңбыр мен тұман болғаны анықталды
Бразилиялық Грамадудағы үйлердің төбесіне жеке ұшақ құлап, тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы CNN құқық қорғау органдарына сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақ 22 желтоқсан күні таңертең апатқа ұшыраған. Әуе кемесінің бортында 10 адам болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға тоғыз адамның өмірін қиды. Ұшу кезінде аймақта жаңбыр мен тұман болғаны анықталды.
«Оқиға орнына муниципалитеттің жедел қызметтері келеді. Мен де оқиға орнына барамын»,-деп жазды Рио-Гранде-ду-Сул штатының губернаторы Эдуардо Лейте өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.