Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Жаңаөзенде жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Шаңырақ ықшам ауданында орын алған.
«Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт шақырту түскен сәттен бастап 10 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.