Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Астанада қала тұрғынының ақшасын заңсыз иемденген алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық ПД мәліметінше, «Қылмысты тоқтату» жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 49 жастағы әйел адамды анықтап, ұстады.
Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ қаланың екі банкіне кредит беру бойынша сұраным берген.
«Екі банк те кредитті мақұлдаған, алайда алаяқ бір банктің ақшасын жәбірленушіге беріп, екінші банктің ақшасын өзінде қалдырған. Кейін банктен келген кредиттің төлемін көрген жәбірленуші полицияға жүгінеді», - делінген ПД хабарламасында.
Күдіктінің тағыда ұқсас он эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.