Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды
Алматының Алатау ауданында жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған жас жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыны құрықтап, ұсақ бұзақылық, апаттық жағдай туғызғаны және сақтандыру полисінің жоқтығы үшін жауапкершілікке тартты.
«Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 20 жастағы құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.