Жалғас Жұмағұлов кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Автор: Дулат Асель

Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубамен жұдырықтасты

Фото: zhumagulov_zhalgas/Instagram

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Nights Boxing бокс кешінде алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубамен (1-0, 0 КО) кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шықты. Жұдырықтасу төрт раундқа созылды. Қазылар алқасының шешімімен жеңіс Жалғас Жұмағұловқа берілді.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіби бокс мансабын жеңіспен бастады, ал Раванд Оуба үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.