Ресми: ер адамдарға төрт әйел алуға дейін рұқсат берілді

Автор: Асыл Арман

Бірнеше әйел алудың өзіндік шарттары бар

Фото: istockphoto.com

Ресей Мұсылмандары діни басқармасы (ДУМ) Ғұламалар кеңесі (ғалымдар мен теологтар) ер адам жұбайларына әділ және тең қарым-қатынас жасаған жағдайда төрт әйелге дейін діни неке қиюға рұқсат берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі РИА басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай шешім қабылданғаны туралы кеңес төрағасының орынбасары әрі мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары, Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов мәлімдеді.

«Ер адамның бір уақытта екінші, үшінші, тіпті төртінші діни некеге тұру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Әйелі денсаулығына байланысты бала көтере алмаса, бұл жағдайға рұқсат етіледі», - деді ол.

Сонымен қатар, репродуктивті жастың аяқталуына байланысты бірнеше діни неке қиюға рұқсат етілген. Мұндайда әйелінің бала туғысы келмейтіні де ескеріледі, деп қосты Аляутдинов.

Сол сияқты ол көп әйел алуға рұқсат етудің басты шарты күйеуінің әйелдеріне әділ және тең қарауы екенін баса айтты. Ал бұл әйелдеріне бірдей материалдық қолдау көрсету арқылы, яғни олардың әрқайсысына жеке баспана алып беруінен көрінетінін ерекше атап өтті. Егер бұл шарттар орындалмаса, ер адамның бірнеше әйел алуына рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар, ер адам басқа әйелге үйленетін ниеті туралы қазіргі жұбайына хабарлауы керек, деді ол. Бұған қоса, үйленген ер адам басқа діни некеге тұрғанда, ол әйелдің барлық баласын асырап алуға міндетті болады.