Бұл шаралар Түркістан облысында ауа райының бұзылуына байланысты қабылданды
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Түркістан облысы:
2024 жылғы 19 желтоқсан сағат 23:30-дан бастап Алматы-Ташкент-Термез автожолының 593-663 шақырымы аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Қарабұлақ ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.
Жамбыл облысы:
2024 жылғы 19 желтоқсан сағат 23:30-дан бастап “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырымы аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады.
Бұл шаралар автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Жауапты органдар жүргізушілерге аталған бағыттар бойынша қозғалысты алдын ала жоспарлап, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді.