Сенаттың кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан Түркияның Газиантеп қаласында мектеп салатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
«Сыртқы саяси концепциямыз бар, сонымен қатар президенттің жарлығына сай дамитын саясаттың басты бағыттары бар. Біз бірінші кезекте Орталық Азия, Ауғанстан және Африка елдеріне басымдық беріп отырмыз. Бұл құжаттан тыс президенттің тапсырмасы бойынша басқа да жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, 2022 жылы Түркияда болған жер сілкінісі болды. Біз Түркияның Газиантеп қаласында арнайы мектеп саламыз», – деді Әлібек Бақаев.
Еске салсақ, 2023 жылы Газиантеп қаласында 7,8 баллдық зұлмат болған еді.