Полиция мәлімдеме жасады
Екібастұзда көшеден әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «Экибас в теме» Telegram арнасы жазды. Марқұмның денесін қала тұрғындары Мәшһүр Жүсіп пен Пішенбаев көшелерінің қиылысындағы құдықтан тауып алған.
«Әйелдің жеке басы анықталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді Екібастұз қалалық ПД баспасөз қызметі.