Ақтөбеліктер жоқ жиһазға 20 млн теңгеге жуық ақша төлеген

Автор: Дулат Асель

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Фото: freepik.com

Ақтөбе облысының тұрғындары кәсіпкерге шағымданып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің айтуынша, жаздың басында кәсіпкер Ресейден жиһаз әкелуге уәде берген. Алайда, анықталғандай, күдікті жиһазға тапсырыс та бермей, шамамен 20 млн теңгені өз қажетіне жұмсаған. 

Полицияның мәліметінше, күдікті барлығы 20 азаматтың ақшасын иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.