Индонезиядағы жеңіс: атыраулық полицей ару ММА-дан әлем чемпионы атанды

Автор: Дулат Асель

Ол финалда Египет елінің спортшысын айқын басымдықпен жеңді

Фото: Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері Аида Хайруллина Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен ересектер арасындағы Gamma World MMA Championship 2024 чемпионатында үш кездесуін де сәтті аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Турнир барысында Аида Камбоджа және Австралия спортшыларымен күш сынасып, финалда Египет елінің спортшысын айқын басымдықпен жеңді.

«Бұл алтын медаль – тек менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Алдағы уақытта да елімнің абыройын қорғауға бар күш-жігерімді саламын», – деді Аида Хайруллина.