$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

15 жылға созылған дау: Әділет министрлігі Стати ісі бойынша мәлімдеме жасады

Құжат құпия болғандықтан оның барысы егжей-тегжейі жарияланған жоқ

15 жылға созылған дау: Әділет министрлігі Стати ісі бойынша мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Әділет министрлігі 15 жылға созылған Стати ісі бойынша қорытынды келісімге қол қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет пен Қазақстанның Ұлттық банкі, сондай-ақ Стати тараптары еліміздің мұнай-газ активтеріне қатысты дауды түпкілікті реттеу туралы келісімге қол қойды. Құжат барлық дауды тоқтатуды қарастырады және болашақта оларды қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығарады.

Құжат құпия болғандықтан оның барысы егжей-тегжейі жарияланбайды.

«Бұл – реттеу және барлық тарап үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын болып табылатынын атап көрсетеді. Біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз», - деді Argentem Creek Partners бас директоры Дэниел Чапман, Стати тарапының өкілі.

Әділет министрі Азамат Есқараевтың айтуынша, қазір Қазақстанда экономиканы дамытуға, атап айтқанда инвестиция тарту арқылы қосымша мүмкіндіктер бар.

«Ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады», - деп түсіндірді министр.

Серіктес жаңалықтары