«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы басшысы 200 млн теңге жымқырған

Автор: Асыл Арман

Ол мердігер компанияның басшысымен бірге сотталды

Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырған.

«Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.

Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.