Шымкентте шенеунік мүгедек балалардың ата-аналарынан пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Асыл Арман

Оған мүгедектікті белгілеу үшін пара алды деген айып тағылды

Фото: istockphoto.com

Шымкентте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр.

Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмектесуі арқылы алынған.

«Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - делінген хабарламада.