«Арасында шетел азаматтары бар»: Жетісу облысында қар құрсауынан 41 адам құтқарылды

Автор: Дулат Асель

Олар жақын маңдағы Көктума ауылына жеткізілді

Фото: ТЖМ

Бүгін Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 30 жүк және 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құтқарушылар Вахтовка және жолталғамайтың Трэкол автокөлігімен Көктума ауылына 41 адамды жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарылғандардың  арасында Беларусь Республикасының, ҚХР-ның, Әзірбайжан Республикасының және РФ-ның 28 азаматы бар», - делінген хабарламада.

ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.