Ninety one тобы тарап кетті ме: ұжымның сахнадан неліктен көрінбей кеткені анықталды

Автор: Асыл Арман

Топ мүшесі Азамат Ашмақын бағдарламалардың біріне жалғыз қатысып, күмәнді күшейтті

Фото: Instagram/ninetyone

Ninety one тобының Ace лақап атымен танымал әншісі Азамат Ашмақын ұжымның неліктен сахнадан көрінбей кеткенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші жуырда «Қызық Times» бағдарламасына топпен бірге емес, жалғыз қатысып, осы арқылы топтың тарап кетуі мүмкін деген сыбыстың туындауына себеп болды. Алайда бағдарлама барысында әнші Азамат Ашмақын ұжымның шығармашылық демалыс алғанын түсіндіріп берді.

«Осыдан бірнеше уақыт бұрын әркім қалаған затымен айналысады деп демалыс алған болатынбыз. Шығармашылыққа оралар алдында күш жинап алайық деп өзімізге демалыс уақыт бергенбіз. Дулат пен Батыр қазір балалы болды.

Өзім соло жасап көрейін деп бейнебаян түсіріп, алдыма жаңа мақсаттар қойдым», - дейді Азамат Ашмақын.

Тегтер: