Әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеген адамның жағдайы ауыр — дәрігерлер

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол әлі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысы әкімдігі ғимараты алдында өзін-өзі өртеген ер адамның жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап Lada.kz.

«Өзін-өзі өртеу оқиғасынан бері бір апта өтсе де, зардап шеккен ер адамның жағдайы жақсарған жоқ. Жалпы реанимация орталығының мәліметінше, 16 желтоқсан күнгі жағдай бойынша пациенттің денсаулығы өте ауыр күйде. Ол әлі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», — деп жазады басылым.

Дәрігерлер науқастың жағдайына қатысты болжам жасау қиын екенін айтты.