Оның жоғалғаны туралы әкесі хабарлаған
Қырғызстанда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандық Алибек Саматұлы жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алибек Саматұлының жоғалғаны туралы милицияға оның әкесі арызданған. Әкесінің айтуынша, 1997 жылы туған ұлы 14 қарашаға қараған түні Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жоғалған адамның белгілері:
Факт бойынша Қырғызстанның Шу облыстық ІІМ-інде тіркеу жүргізілді. Іс Аламедин аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта жоғалған адамды іздестіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.