16.12.2024, 14:24
Жаңалықтар
Қырғызстанда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандық жоғалып кетті
Оның жоғалғаны туралы әкесі хабарлаған
Фото: gov.kz
Қырғызстанда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандық Алибек Саматұлы жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алибек Саматұлының жоғалғаны туралы милицияға оның әкесі арызданған. Әкесінің айтуынша, 1997 жылы туған ұлы 14 қарашаға қараған түні Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жоғалған адамның белгілері:
- Бойы – 174 см
- Орташа дене бітімі
- Қысқа шашты
- Бетінде меңі бар
- Ерекше белгісі – сол аяғында тыртық
- Үстінде қара спорттық киім, жеңінде қызыл жолағы және ақ жиектемесі бар қара күрте болған.
Факт бойынша Қырғызстанның Шу облыстық ІІМ-інде тіркеу жүргізілді. Іс Аламедин аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта жоғалған адамды іздестіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды