Түркістан облысында 200 жүк көлігі қар құрсауында қалды

Автор: Дәулет Ботагөз

Полиция олардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етті

Фото: ҚР ІІМ

Түркістан облысында қатты аяз бен қалың қар салдарынан көлік қозғалысында қиындықтар туындады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жолда қалғандарға көмек көрсету бойынша шаралар қабылдап жатыр. Соңғы 12 сағат ішінде полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесіп, олардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етті», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар тас жолының Жамбыл облысы шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейінгі бөлігінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

ҚР ІІМ жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын тексеріп, көліктің техникалық жағдайын бақылауға кеңес береді.