Актриса әжесі туралы естелігімен бөлісті
Белгілі актриса және кинопродюсер Құралай Анарбекова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әжесі туралы жантебірентерлік естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса әжесінің тек өмірлік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар рухани құндылықтарды да үйреткенін атап өтті. Әжесінің қасында жүріп, тамақ дайындауды, үй шаруасын жасауды үйренгенін еске алды.
«Тамақ істеп үйрену, үйдің шаруасын жасау – сол әжемнен үйренгенмін. Әжем өлең айтуға үйретті, сиыр сауамыз, сепаратор тартамыз. Тамақ істейміз, үнемі бірге жүреміз. Әжем ешқашан маған дауысын көтеріп сөйлемеген. Сондықтан да мен оның қасында үнемі жүретінмін, қасында ұйықтайтынмын», – деді Құралай Анарбекова.