Өрттен зардап шеккендер жоқ
Алматыда көлік жөндеу орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, түнде Алматы қаласының Алатау ауданында Солтүстік айналма тас жолында орналасқан бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясын жалын шарпыған.
4 жеңіл автокөлігі бар бокстардың бірі жанып, станцияның басқа бокстарына өрттің таралу қаупі төнді. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін аман сақтап қалды.
«Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде оқпандарды басқа бокстарды қорғауға және жанып жатқан боксты сөндіруге бере отырып, өртті 220 шаршы метр алаңда тоқтатты», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.