Астананың сол жағалауын жарықсыз қалдырған ұрылар ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Мақсат Әсел

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Астана қаласының Полиция департаменті электр сымдарын ұрлаумен айналысқан төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар жер асты құдықтарына кәріз люктері арқылы кіріп, түнгі уақытта ұрлық жасағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізу орнын тінту барысында жеті қап тазартылған мыс кабель өнімдері және үш радиостанция табылды. Сондай-ақ, сатып алушыдан электронды және механикалық таразылар тәркіленді. Топ мүшелерінің ұрлықтың бес фактісіне, оның ішінде трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын ұрлауға қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.