БҚО-да 75 млн теңге пара алған мемқызметкер 10 жыл арқалап кетті

Автор: Асыл Арман

Ол ауыр жүк көліктерінің «Сырым» бекетінен жылдам әрі кедергісіз өтуіне жағдай жасаған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Батыс Қазақстан облысының соты бір жылға жетер-жетпес уақытта 75 миллион теңге пара алған облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Аян Бурашевке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік басқармасының жетекші маманы айыптау үкімі бойынша отырды.

Тергеу барысында оның 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін бір адамнан пара алғаны анықталды. Параның бас-аяғы 75 миллион теңгені құрады. Ол үшін Бурашев ауыр жүк көліктерінің «Сырым» бекетінен жылдам әрі кедергісіз өтуіне жағдай жасаған.

Тергеу барысында сотталушы өткен жылдың сәуір айында қашып үлгерген, Антикор оны іздеуге берді. Олар тіпті құнды ақпарат үшін сыйлық беруге де уәде берген. Көп ұзамай ол қолға түсті. Сот оны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол енді ешқашан мемлекеттік қызметте, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте, сотта және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істей алмайды.

Бұл ретте одан алған параның 75 миллион теңгесі өндіріліп, 2014 жылғы Toyota Camry және 2020 Hyundai Creta көліктері тәркіленді. Соттың мәліметінше, Бурашев оларды заңсыз жолмен тапқан ақшаға сатып алған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.