Ол 18 жасында тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз аяқталғанын айтқан
Ayree лақап атымен танымал әншіге сүйіктісі Нұркен Қасымов тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің Instagram парақшасында үйлену туралы ұсыныс қалай жасалғаны көрсетілген. Видеода Ayree-дің Шанхай қаласында бейнеклип түсіріп жатқанын көруге болады. Түсірілім барысында сүйіктісі бір аяғымен тізерлеп, сақинасын ұсынады.
Осыған қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Жаныыым, бақытты болыңдар!», «Айри, Жаным, сен үшін қуаныштымыз», «Бақытқа әбден лайықсың! Алла бағыңды еселесін!», «Мәә, дорама көргендей болдым», «Не деген керемет!» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Ayree 18 жасында тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз аяқталғанын, небәрі бір жыл ғана бірге тұрғанын айтты. Ал бұрынғы күйеуімен ажырасуына ДЦП диагнозы бар ерекше сәбиді босануы себеп болғанын да айтқан.