Құрылыс саласындағы былықтар: жосықсыз компаниялардың кемшіліктері айтылды

Автор: Асыл Арман

Үлескерлерді қорғауды күшейту және қаражатты заңсыз тартудың алдын алу мәселесі талқыланды

Фото: Парламент Мәжілісі

Парламент Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев құрылыс саласындағы кем-кетік тұстарды тізбектеп, соларды шешу жолында ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында құрылыс саласының ел экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын айрықша қозғап өтті.

«Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері деп нық сеніммен айта аламыз. Еліміздің құрылыс саласы халықты баспанамен қаматамасыз етуде, жұмыс орындарын ашуда, іскерлік ортаны қалыптастырып, бизнес-белсенділікке зор ықпал етіп жатыр. Бұл ретте тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетігі айрықша маңызға ие. Ол мыңдаған қазақстандыққа тұрғын үй қажеттілігіне мүмкіндік бере отырып, өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Алайда, ағымдағы сын-қатерлер, соның ішінде құрылыс салушылардың жосықсыз тәжірибесі және реттеудің жеткіліксіздігін ескере отырып, депутаттар, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірледі», - дейді мәжіліс депутат.

Заң жобасының негізгі мақсаты:

  • Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және нарыққа шығуға кедергілерді азайту арқылы құрылыс салушылар үшін жағдайды жақсарту;
  • Үлескерлерді қорғауды күшейту және қаражатты заңсыз тартудың алдын алу;
  • Үлестік қатысу саласында мемлекеттік реттеудің ашық және тиімді жүйесін құру.

Заң жобасында құрылыс салушылар үшін келесі өзгерістер ұсынылады: Құрылыс салушыларға қойылатын «кіру» талаптарын төмендету, яғни ортаңқол құрылыс салышулар Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу нарығына заңды кіру.

«Өңірлік құрылыс салушылардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында енгізіледі: жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды төмендету ұсынылады (тәжірибе 18 және 10 мың шаршы метрден 10 және 5 мың шаршы метрге дейін, 3 жылдан 2 жылға дейін)», - деп атап өтті мәжілісмен.

Үлестік салымдарға қолжетімділікті кеңейту, яғни:

  • уәкілетті компания екінші деңгейлі банктерде қазіргі шотты ғана емес, жинақ және валюта шоттарын ашу мүмкіндігі;
  • мердігерге аванстық төлемдер мөлшерін ұлғайту;
  • үлескерлердің ақшасын әкімдіктен рұқсат алғаннан кейін ғана пайдалану құқығы;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың Бірыңғай ақпараттық жүйесінде (Қазрестр) міндетті түрде есепке ала отырып, жазбаша және электрондық нысанда үлестік қатысу шарттарын жасасуды қамтамасыз ету;
  • Біріңғай оператордың кепілдік беру шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде уәкілетті компанияның кепілдік жарнасының бір бөлігін қайтару.

«Осылайша, заң жобасы үлестік нарықтағы жағдайларды жақсартуға және құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды төмендетуге, сондай-ақ құрылыс салушылар үшін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін шараларды ынталандыруға бағытталған.

Бұдан басқа, жұмыс тобы барысында депутаттар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның қолдану аясын кеңейту мақсатында жеке тұрғын үй кешендерін салуға және осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған бірқатар түзетуге бастамашылық жасады», - дейді Самат Мұсабаев.

Ол сөзін жалғай отырып, түзетулерді тізбектеп өтті:

  • Үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында, заң жобасының басты түзетулерінің бірі, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес, алдын ала шарттар, инвестициялау, брондау және т.б. шарттар жасасуға тыйым салу;
  • құрылысы жүріп жатқан нысанды әкімдіктің рұқсаты немесе Біріңғай оператордың кепілдігі болмаған жағдайда жарнамалауға және екінші деңгейлі банктер ипотека рәсімдеуге тыйым салу;
  • салынып жатқан тұрғын үйдің тапсыру мерзімдерін ұзартуды қысқарту;
  • үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны және жарнаманы таратқаны үшін әкімшілік айыппұлды 2000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту (7,9 млн.тг. дейін).

Сондай-ақ, аталған заң жобасымен, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен әкімдіктердің де қызметіне түзетулер енгізілді, олар:

  • «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ базасында Үлескерлерді қолдау орталығын құру (1414 колл орталығына ұқсас);
  • Бірыңғай оператордың кепілдіктерін алу кезінде құрылыс салушылардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптарды күшейту;
  • (Активтердің мөлшері қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер шегерілгеннен кейін қалатын жиынтық активтердің кемінде 10%-ы)
  • Әкімдіктен үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алу кезінде құрылыс салушылар екінші деңгейлі банкпен жасалған кредиттік шартты және несиелік берешек туралы анықтаманы көрсету міндеттеледі.

Заң жобасын қабылдау мыналарды қамтамасыз етеді:

  • Үлестік құрылыс нарығының ашықтығын және инвесторлар мен азаматтардың сенімін арттыру;
  • Нарыққа кіру кедергілерін азайту арқылы аймақтық құрылыс салушылар санын көбейту;
  • Үлескерлерді жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға кепілдік беру.

«Құрметті депутаттар! Бұл заң жобасы үлестік қатысу саласында тұрақты, ашық және әділ реттеу жүйесін құруға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Оны қабылдау саланы сенімді дамытудың және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтудың кепілі болады. Қолдауларыңызды сұраймыз!» - деді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.