Жинақталған қаражат еліміз үшін маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ
Осы аптада «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның аясында 26 млрд теңгеден астам қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға аударылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Сонымен қатар Алматы қаласындағы бизнес-орталықты сату нәтижесінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы қорға қосымша 6 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.
«Жинақталған қаражат еліміз үшін маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражаттың жалпы көлемі 220 млрд теңгеден асып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда», - делінген хабарламада.