Алматыда жеке мектептің жанындағы көліктен мәйіт табылды

Автор: Асыл Арман

Полиция департаменті ер адамның неден қайтыс болғаны туралы алдын ала мәлімет берді

Фото: istockphoto.com

Алматыда Амангелді көшесі, 1 мекенжайындағы жеке мектепке кіре берісте Opel маркалы көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы белгіленеді.

Осыған қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесінің табылу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрегі қысып, қайтыс болған», - деп хабарлайды ПД.