Оралда жезөкше әйел есірткі таратумен айналысқан

Автор: Асыл Арман

Сол сияқты шетел азаматы да қолға түсті

Фото: istockphoto.com

Оралда жыныстық қызмет көрсетумен және есірткі таратумен айналысқан 36 жастағы әйел адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетел азаматы ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды. Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді.

«Қолға түскендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.