Айбек Оралбай финалда Қытай өкілі Ремула Абудурекситимен бақ сынайды
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыр салмақта (+92 кг) өнер көрсетіп жатқан спортшымыз жартылай финалда өзбек боксшысы Жахонгир Зокировпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешім шығарды.
Енді Айбек Оралбай финалда Қытай өкілі Ремула Абудурекситимен бақ сынайды. Ақтық сын 11 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған.