Ол халықаралық іздеуде болған
Астанада полициядан жасырынудың ерекше тәсілін ойлап тапқан ер адам ұсталды. Ол аса ірі көлемде есірткі сату қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында оның есірткіні жасырып сату арқылы таратып келгені анықталды. Күдікті жеке үйде арнайы жабдықталған жасырын бөлмеде тығылған. Бөлмеге кіретін есік диванның артында орналасқан», – делінген министрліктің хабарламасында.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.