АШМ-ның лауазымды қызметкері миллиондаған теңге пара алғаны үшін 3,5 жылға ғана сотталды

Автор: Асыл Арман

Ол кәсіпкерден екі мәрте пара алған

Фото: Видеодан скриншот

Қостанайда ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы мен кәсіпкер сотталды. Біреуі пара алғаны үшін, екіншісі оны бергені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қараша айында Антикор кәсіпкердің АШМ комитетінің басшысына пара беру сәті түсірілген видеоны көрсетті. Оқиға кафеде болған, кәсіпкер 2 миллион 400 мың теңге салынған конвертті үстелдің астынан берген.

Осыған дейін, биыл маусым айында, үйдің кіреберісінде комитет басшысы үшінші тұлға арқылы сол кәсіпкерден 2 миллион алған.

Ол ЖШС-мен жасалған 78 миллион 125 мың теңгеге пестицидтер сатып алу туралы шарт үшін осындай пара берген.

Нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, пара беруші кәсіпкер 3 жылға сотталды. Екеуі де орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтейді, сонымен қатар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Бас-аяғы 4,4 миллион теңгені құрайтын пара мемлекет кірісіне тәркіледі.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.