Тоқаев Таиланд королін Ұлттық мерекемен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Жеделхатта Таиландтың халықаралық аренадағы табысы туралы айтылған

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар, президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.