«Мен – екі енені көрген адаммын»: танымал актриса болашағы туралы айтты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол отбасылық өмірі туралы, алдағы жоспары туралы қозғап өтті

Фото: Видеодан скриншот

Танымал актриса Жанель Мақажан болашақта балаларымен бірге бір шаңырақ астында өмір сүрмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол отбасылық өмірі туралы Жанерке Сейфуллинаға берген сұхбатында ой бөлісті.

«Балама мынаны айтамын: Мен екі енені көрген адаммын. Осыдан түйгенім не? Балам мен сенімен бірге тұрмаймын. Сен өз әйеліңмен бақытты болуға лайықтысың. Сен ол әйеліңе үй аласың ба, брендтер аласың ба, барлық жағдайын жасайсың ба, ол сенің ісің, сенің өмірің. Мен келіп отырып алып, қызғаныштан, өміріңді шайқауға құлшынып тұрғаным, адами қасиетке жата ма? Жатпайды. Балам бақытты болуы керек деген сөзіңе сәйкес келе ме? Жоқ», - дейді Жанель Мақажан.

Ол сөзін жалғай отырып, болашақта балаларының өміріне араласпайтынын ерекше қозғап өтті.

«Сол себепті мен қазірден бастап балаларға Әбеке (күйеуі – Абай Асылхан) екеуіміз де айтамыз. Біз сендермен бірге өмір сүрмейміз, өздеріңнің жеке өмірлерің болады. Бізден үйренгендеріңді сендер алуларыңа болады. Бірақ өз отбасыңның заңы болуы керек. Бізге ұнамаған нәрсе, бәлкім саған ұнар. Сол себепті сендердің өмірлеріңе араласуға еш құқығымыз жоқ», - дейді танымал актриса.