Компания оларға 8,5 млн теңгеден астам жалақы қарыз болған
Ақтөбе облысының Темір ауданында «Шұбарқұдық жылу» КМК-да 87 жұмысшыға 8,5 млн теңгеден астам жалақы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның қадағалау актісімен еңбек инспекциясы «Шұбарқұдық жылу» КМК-ын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, берешекті міндетті түрде өтеу туралы ұйғарым шығарды.
Нәтижесінде көрсетілген берешектер толығымен өтелді.