Бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, өткен тәулікте Ресей Федерациясының 83 өңірінде коронавирус жұқтырған 9 263 адам анықталды.
«Сондай-ақ бір тәулікте аталған вирустан 115 адамның көз жұмды. Ал коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны - 2 837 адам», - делінген ақпаратта.
Бұл елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 299 941 адамға жетті. Ал қауіпті індеттен жазылып шыққандар - 76 130.