ҰҚК Шекара қызметінің қараша айында атқарған іс-шараларының нәтижесін жариялады
ҰҚК қараша айында шекара маңында 6 мыңға жуық Қазақстан заңын бұзғандарды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 5 785 адам ұсталды. Олар:
Ал мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, оның ішінде:
Сонымен қатар, Каспий теңізінде 7 браконьерлік жағдайдың алды алынды. Оның барысында мынандай заттар тәркіленді:
«Алды алынған залал сомасы 620 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген ҰҚК хабарламасында.