$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2020, 16:23
Жаңалықтар

Қазақстанда түрмеде отырғандарды коронавирустан қалай емдейді

Кеше колонияда 25 адамның ауырғаны белгілі болды

Қазақстанда түрмеде отырғандарды коронавирустан қалай емдейді

ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» түрмесіндегі коронавирус жұқтыру фактілері туралы айтты. Бүгін аталған колонияда 25 адамның ауырғаны белгілі болған.

«Инфекция жұқтырғандардың ешқайсысы сотталған азаматтар емес. Барлығы оқшауланды. Колонияның жанында провизорлық жатын орындары әзірленген арнайы жер бар. Коронавирус табылғандар түрме аумағына кіргізілген жоқ, сотталғандармен байланыста болмады. Егер олардан инфекция табылса, колонияның ішінен жатын орындары әзірленіп, хаттама бойынша ем қабылдайды», - деді вице-министр бүгінгі  ведомства брифингінде.

Қостанай облысы тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, коронавирус тестінің нәтижесі теріс болған колония қызметкерлері үй карантиніне алынған. Жалпы, мекемеде 287 адам жатыр, 87 қызметкер жұмыс істейді. Сотталғандардың ішінде Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды атып тастаған Владислав Челах, Алматыда 10 адамды өлтірген Руслан Күлекбаев бар. Олар колонияның аса қауіпті қылмыскерлерге арналған бөлімінде жазаларын өтеп жатыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары