Қазір мейірімді әже екенін айтты
Әнші Жазира Байырбекова енесінің қатал болғаны туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол келіндік қызметі туралы «Мамский әңгіме» YouTube бағдарламасында айтты.
«Енем өте қатал болғаны рас. Оны көршілер де айтады. Сен біздің ауылдағы келінге өте қатал қарайтын үйге келдің-ау деп. Маған дейінгі келіндер одан да қатты қаталдықты көрген. Ал менен кейінгі келіндер ондай қаталдықты көрген жоқ. Ол кезде енемнің жасы үлкейді. Немерелері көбейді. Қазір мейірімді әже, немерелерінің бәрі жақсы көреді. Ал мен келін болып түскенде жастау болды», - дейді Жазира Байырбекова.
Әнші сөзін жалғай отырып, ол уақытта қайынатасы қайтыс болған шақ екенін де тілге тиек етіп өтті.
«Оның үстіне атамыз қайтыс болған, барлық жауапкершілік өзіне қалған. Оларды қатал ұстамасам болмайды деп. Мен оның үстіне өнер адамы, ерке болғанмын. Менің суреттерім газеттердің, журналдардың бетінде тұратын. Міне, келіндеріңіз осы деген соң, оны дұрыстап тәрбиелемесек, ол жұлдызбын деп асқақтап кететін шығар деп ойлаған болуы керек деп ойлаймын. Оның үстіне Шымкенттің қызы деген соң қатты қорыққан. Кез келген өңірде Шымкенттің қызы десе, әлі де сескену бар ғой», - дейді әнші.