Заңсыз әрекеттер анықталып, тиісті шара қолданылды
Абай облысында сот орындаушылар алимент бойынша миллиондаған қарызы бар адамдардың қылмысын жасырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, сот орындаушылар 2 млн теңгеден астам алимент қарызы бар борышкерлердің үш көлігін қолдануға тыйым салуды орындамаған.
«Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚК-тің251-бабы (жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін асыра пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, прокуратура балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, борышкерлердің кірістерін жасыру, сондай-ақ сот орындаушыларымен мүлікті сатушараларын қолданбау фактілерін анықтады. Олар 40 млн теңгеден астам қарызы бар борышкерлердің 11 көлігін, 12 пәтерін және 2 жертелімін сату бойынша шара қолданбаған.
Прокуратураның нұсқауымен, балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша төрт борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.