Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде тұрақсыз ауа райы болады.
«Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен: еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, 30 қараша, 1 желтоқсан күндері оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжанып отыр. Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа райы басым болады. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктер болжамында.