Қазақстанда науқастар саны 6751-ге жетті
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Люмила Бюрабекова айтты.
«Алдында мемлекеттік комиссия карантинді біртіндеп жеңілдету туралы шешім қабылдаған болатын. Дегенмен, соңғы күндері науқастар саны көбейіп кеткендіктен, аталған шаралар тағы бір аптаға кейінге шегердік. Анықталған COVID-19 жағдайларының көбеюі белсенді жүргізіле бастаған скринингтік тексерулерге байланысты. Қазір біздің зертханалар 28 000 тест өткізе алады», - деді Л.Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігі қабырғасындағы брифингте.
Кеше Қазақстанда 311 жаңа науқас тіркелген. Өсім 4,8 пайызды құрайды. Әсіресе, өсім 5%-дан жоғары жерлерде шектеу шаралары әлі бар.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан