Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іле-Алатау паркіне қарасты жабайы табиғатты қорғау және есепке алу жұмыстары аясында фототұзақ арқылы ерекше кадрлар түсірілді. Фототұзаққа сібір тауешкісі мен жабайы қабан түсті.
«Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады», - делінген ақпаратта.