От қысқа деп жиналған шөпке тиген
БҚО-ның Алғабас ауылында 28 қарашаға қараған түні қысқа деп жиналған шөп өртенген. Қызыл жалын 450 шаршы метр аумаққа таралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға жергілікті үйлердің бірінің ауласында болған. Мал азығы деп жиналған шөп тұрған қора мен қасындағы шаруашылық құрылысы өртеніп кетті.
ҚР ТЖМ мәліметінше, қызыл жалыннан 14 бас мал тірідей жанып, 37 тонна шөп өртеніп кеткен.