Алматының іргесінде оқыс оқиға: шағын автобус жеті жасар баланы басып кетті (ВИДЕО)

Автор: Аян Бекжанұлы

Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды

Фото: Видеодан скриншот

Алматының іргесінде орналасқан Іргелі ауылында шағын автобус жеті жасар бүлдіршінді қағып кетті. Оқыс жағдайдан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде оқиға орнынан түсірілген қорқынышты видео жарияланды.

Оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің жанында болды. JAC көлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп жеті жасар баланы басып кеткен.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», - дейді облыстық Полиция департаменті.